Жаңалықтар тізбегі
0

Жастарға жағымпаздықты үйреттік. Ертең билікке популист балалар келеді

SEOnews, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 19:11 SEOnews
Енді бір-екі күнде ел болып тәуелсіздік мерекесін атап өтеміз.

Халқымызға егемендікті енші етіп ешкім бере салған жоқ. Тәуелсіздік қанмен, құрбанмен келді. Обалы нешік, кеңестік импершіл санадағы кей данышпанның КСРО болмағанда сендерге елдік қайдан келер еді деп кісімсіген сөздеріне өз арамызда иланатындар әлі де бар. Әрі беріден соң Еңсегей бойлы Ер есім хан, сайыпқыран Салқам Жәңгір, әз Тәуке, Абылай, берісі Кенесары, одан беріректе алаш арыстарының қажырлы күресі, күні кешегі 86-жылы алаңға шыққан желтоқсаншылар төккен қанның, берген жанның жеңісі.

Тәуелсіздік алдық, қазір дербес мемлекетпіз деп тоқмейілсуге әсте болмайтынын алдыңғы буын ағаларымыз біздің санамызға сіңіре алды. Яғни тәуелсіздік алған соң да күрес тоқтамауы тиіс.
Ендігі күрес білім мен ғылымның, прогресстің күресі. Ертеңгі болашағымыз жастардың еншісінде десек, қазір ел арасында Z-буыны деп айдарланған толқын өсіп келеді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ғаламтор дәуірінде өсіп өнген, ұялы телефонға телмірген ұрпақ тәуелсіздіктің туын құлатпай одан әрі алып жүре ала ма?

Иә, "Z" кезеңінің жастары осындай. Белсенді, көптің көңілін аулағанды жақсы көреді, мақсатшыл әрі батыл. Алысқа бармай-ақ, Аминка балақайды алайық. Ютуб блогер, 5 миллион астам тұрақты жазылушысы бар. Әр жаңа публикациясын 300 мыңнан 3 миллионға дейін адам көреді. Психолог мамандар бұл буынның өкілдері өзгеге емес өзіне көп сенетінін айтады. Ел алдында жүрген ағайынды Жүгінісовтерді де жақсы білесіздер. Әндерімен көпті тәнті еткен жастардың анасын әңгімеге тарттық. Айнұр Серікқызы үлкен ұлым "Ү" заманының буыны дейді. Мінезі, болмысы өзіне жақындығын байқайды екен. Ал "Z" кезеңінде дүниеге келген баласының ұстанымдары өзгеше.

Депутаттық мандатының аяқталуына бір ай қалған Нұрлан Әлімжановты әңгімеге тарттық. Ол кейінгі жастарға қарап кересінше алаңдаймын дейді. Телефон мен компьютердің айналасынан шықпайтын жеткіншектер ертең елге қалай ие болады деп ойлайды екен.

Нұрлан Әлімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қолдарынан ұялы телефон түспейді. Тәрбие ата-ана, ата-әжеден емес, ұялы телефоннан алып жатыр. Ұялы телефон не беріп жатыр ар жағында? Айналып келгенде батыстың дүниелері арзанқол, анайы нәрселері. "Z" балалар біздің рухани жаңғыру деп жатырмыз. Біздің арғы ұрпаққа не береді деген ой келеді? Сол сотканың түр түрін шығарып, нано технологияның артын қуып кетіп руханиятымыз артта қалып кетеді ме деген ой келеді. Әрине алаңдаушылық өте көп бізде.

Тәжірибелі психолог Балабек Сақтағанов бізге "Z" кезеңі жастарына тән бір деректі айтты. Бұл буын "әлем адамы" деген ұғым мен ұстанымға жақын екен.

Балабек Сақтағанов, психология ғылымдарының PHD докторы:

Әлемдік жаңалықтар қызықты да. Әлемдің ұстанымдар бұларға көбірек әсер етеді. Өздерінің ұлттық салт-дәстүріне қарағанда әлемдік сәнге айналған нәрселер бұларға қатты әсер етеді. Z кезеңі тұлғаларының ерекшелігі зейіндері, есте сақтау бәрі қысқа уақытқа бағытталған. Оғар ұзақ нәрсені, үлкен көлемдегі материалдарды еске сақтау олар үшін қиын. Бір нәрсенің жауабын шығармашылықпен іздеудің орнына көптеген технологияларға интернетке, компьютерлік технологиялардың қызметіне көбірек жүгінеді.

Блогер Алмас Тоқабаев алдынғы толқынның кейінгісіне көңілі толмауы кеше-бүгін туындаған мәселе емес екенін айтады. Сократтың заманынан келе жатқан әңгіме екен. Бұл үрдіс тұтастай алғанда үлкен қателік екеніне тоқталды. "Жастар біздің болашағымыз!" деген ұран құр сөз күйінде қала берсе, алдағы күннен қандай да бір өзгеріс күту неғайбыл.

Алмас Тоқабаев, блогер:

2000 жылдан бері туған балалардың оларда қалып жоқ, олар еркін балалар. Біз дәл қазір мемлекеттік деңгейді алып қарағанда, ол ұрпақтың қалыптасуына біз ешқандай үлес қосып жатқан жоқпыз. Қазір алып қараңыз, біз жастарға не береміз? Біз жастарға тек жағымпаздықты үйретеміз. Болашақта әрине біз сондай интеллектуал, прагматик балалардың билікке келгенін қалаймыз ғой... Бірақ, тарих ешқашан өзгермейді. Билікке популист балалар келеді. Ол бұрын танымайтын заманда да болған, дәл қазір де солай болады.

Еркін жастар дегеннен шығады. Бұл Тәуекел Ерасыл. 7 сыныптан бері ғарышты зерттеуге қызығушылығы артып, салаға дендей түскен. Зияткерлік мектептің оқушысы зымыран прототипін әзірлеп, халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Жақында ғарышқа адам аттандырған, небір инновациялық жобалардың басы-қасында жүрген Илон Масктың "NAСA" компаниясынан тәжірбиеден өткен. Әлемнің 50 елінен жинақталған жастармен қатар, ғарыш кемесін толық жасақтауды, астероидтарды зерттеуді, құрамын анықтап, технологияларды жетілдіруді үйренген. Жас ғалым болашағын бүгіннен бастап жоспарлап келеді екен.

Тәуекел Ерасыл, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы:

Мен өз елімде ғарыш саласын дамытқым келеді. Сонымен қатар жобаларымды іске асыруды ойлаймын. Қолымнан көп нәрсе келеді деп есептеймін. Мысалы, "NASA"-да істейтіндер америкалық арман үшін еңбек етеді, сол елдің көсегесін көгерткісі келеді. Мен керісінше өз мақсаттарыма жетіп, өз елімнің дамуына титтей де болса үлес қоссам деп армандаймын.

Жас ұрпақты тәрбилеп келе жатқан білікті маман Әлия Шахаровамен сұхбаттастық. Ұстаз кейінгі жастардың жан жақтылығына қайран. Әсіресе карантин кезіндегі жастардың алғырлығына тәнті болыпты. Осы уақытқа дейін білім саласында бірқатар реформалар жасалса да, оқушылар өзгерісті жылдам қабылдайды екен.

Әлия Шахарова, №60 мектеп-лицейінің мұғалімі:

Реформаға, жаңалықты тез қабылдайтын ұрпақ деп ойлаймын. Қазіргі балаларға өте қатты әсер етіп жатқан жоқ деп ойлаймын. Балалар қашықтықтан оқыту болсын, қандайға болсын тез бейімделгіш болып келеді. Бір ерекшегілі сол болып саналады. Жастар, жас ұрпақ бізден көрі ақпараттандыруға өте қабілетті. Ақпараттандыру құралдарын, білім берудің әдіс-тәсілдеріне өте жақсы бейімделеді. Сұраныстары, талпыныстары соларды алып кетуге, қолдануға қазіргі заман ұрпағының ұмтылысы жақсы.

Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, әр буынның өз атауы бар. Мысалы, 60-80 жылдар аралығында дүниеге келген азаматтарды Х кезеңінің өкілдері десе, 1980-1996 жылдары туған адамдарды Ү жастары деп атайды екен. Біз бүгін сөз еткен Z буынының өкілдері 1997 жылдан бері туғандар. Демек ертең айталық Q, R, W деген сияқты буындардың жалғасатыны анық. Заман өзгерер, сана өзгерер. Бірақ олардың барлығын біріктіретін бір ғана құндылық қалуы тиіс. Ұрпақ көп, тәуелсіздік біреу ғана.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: