Жаңалықтар тізбегі
0

Автомобиль жолдары комитеті YouTube-те "Jol kz" деген канал ашты

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2020 22:00 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Жасаған жұмыстарымен сол жерде мақтануы мүмкін.

YouTube бейнехостингінде "JOL KZ" арнасы ашылды. Бұл каналда еліміздегі автожол саласының соңғы жаңалықтары жарияланып, түйткілді мәселелері көтерілмек, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры Замир Сағынов, "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Бағдат Телтаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов, "Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы" ЗТБ президенті Бағлан Баймағамбетов және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

"Қазақстанда алғаш рет автожол саласына арналған интернет-арна ашылып отыр. Бұл маңызды оқиға. Бүгінгі шараға сала өкілдері, журналистер қатысып отыр. Біз әрқашанда диалог үшін, конструктивті ескертулер үшін ашықпыз. Себебі мемлекеттік органдар, жол компаниялары, БАҚ пен барша қазақстандықтардың бірлескен күшінің арқасында ғана жұмысты жақсартып, Мемлекет басшысы алдымызға жүктеген міндеттерді орындай аламыз. Ал "JOL KZ" арнасы аталған мақсат үшін үлкен ақпараттық алаң болмақ", - деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов.

Бұдан бөлек, бірыңғай ақпараттық платформа дамуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен "естуші мемлекет" тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ететіндігі, сондай-ақ қойылған міндеттерді шешу алаңына айналатындығы баса айтылды.

Осылайша, "JOL KZ" каналында құрылыс, реконструкциялау мен жол жөндеу мәселелері көтеріледі деп көзделген. Сонымен бірге, атқарылған жұмыстардың сапасы, жаңа технологиялар, жол қозғалысының қауіпсіздігі басты назарда болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: