Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы еңбек мигранттары жұмысқа рұқсатты кез келген ХҚО-дан ала алады

Азаматтарға арналған үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 16:57 Азаматтарға арналған үкімет
Көші-қон қызметі орталығы ашылған сәттен бастап "еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін 42 мыңнан астам шетелдік азамат пайдаланды.

1 қарашадан бастап елордада жұмыс істейтін еңбек мигранттары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тиісті рұқсат құжаттарын ала бастады. Аталған пилоттық жоба ҚР аумағында ағымдағы жылдың 22 маусымында басталған болатын, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Астана қаласы бойынша Филиалы.

Егер бұрын еңбек қызметіне рұқсат алу немесе ұзарту үшін елордалық мигранттарға тек көші-қон ХҚО-ға жүгінуге тура келсе, енді олар рұқсатты кез келген қалалық қызмет көрсету орталығынан ала алады. Ол үшін ХҚО-лардың ақпараттық жүйелері ҚР ІІМ Көші-қон қызметі жүйелерімен ықпалдасып, бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдеді.

Пилоттық жоба басталғаннан бері елорданың халыққа қызмет көрсету орталықтарында еңбек қызметіне 6576 патент берілді.

Қарапайым ХҚО-ларда жобаның сәтті іске асуына байланысты, Нұр-сұлтан қаласындағы Иманов көшесі, 31 мекенжайында орналасқан көші-қон ХҚО-ны тарату туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған көші-қон қызметі орталығы 2018 жылдың қаңтарында ашылған болатын. Мұнда "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірге "бір терезе"қағидаты бойынша жұмыс істеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: