Жаңалықтар тізбегі
0

Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтанда қандай іс-шаралар өтеді

qazweek.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 17:31 qazweek.kz
Мереке күндері елордалықтар мен қала қонақтарына қалалық театрлар қойылым қояды.

Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай, елордалық мәдениет ошақтары көрмелер мен концерттер, қойылымдар, премьералар және сынып сағаттарын ұсынады. Іс-шараларды үйден шықпай-ақ онлайн режимде тамашалауға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік Сарайының бірінші қабатында желтоқсан бойы мерекеге орай "Тәуелсіздіктің белгісі – Нұр-Сұлтан" көрмесі ашылды. Экспозицияны Instagram-дағы @tauelsizdik_sarayi парақшасынан да көруге болады.

14-16 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жаңа Жастар музыкалық театры қала тұрғындары мен қонақтарын М.Әуезовтің "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасының премьерасына шақырады.

Мерекеге орай Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясы қала тұрғындарын "Тәуелсіздік – тұғырым" онлайн концертіне шақырады. Facebook, instagram парақшаларында және филармонияның YouTube-арнасында трансляция жүргізіледі.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция Триумфальдық аркасында қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің көрмесін және "Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты" тақырыптық экспозициясын ұйымдастырады.

15-17 желтоқсан аралығында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені өзінің YouTube каналында және ресми аккаунттарында "Тәуелсіздік тұғыры биікте" атты онлайн көрмесін ұсынады.

Сәкен Сейфуллин мұражайы да ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар дайындады. 15 желтоқсанда Seifullin_museum парақшасында әлеуметтік желілерде "Тәуелсіздіктің алтын арқауы – ана тілім" челленджі ұйымдастырылады, оқушылар мәнерлеп өлең оқитын болады. Күндіз мұражай ұжымы "Тәуелсіздік – ұлы бақыт" атты онлайн көрме өткізеді.

Оқырмандарының ой-өрісін кеңейту үшін көптеген танымдық ойындар, тарих сағаттары мен сабақтарын кітапхана жүйесі ұйымдастыратын болады. Барлық іс-шаралар онлайн режимде қалалық кітапханалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында өтеді.

Мереке күндері елордалықтар мен қала қонақтарына қалалық театрлар қойылым қояды.

15 желтоқсан күні сағат 19:00-де Жастар театрының әртістері көрермендерге "Нартәуекел" драмалық поэмасының қойылымын ұсынады. "НАЗ" мемлекеттік би театры "Тұйғындар" хореографиялық спектаклін ұсынады.

15 және 16 желтоқсан күндері сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Nomad City Hall" қонақтарын "Жас Абай" спектаклінің премьерасына шақырады.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермендер үшін 15 желтоқсан күні кешке Н. Гогольдің "Женитьба" комедиясын ұсынады. Келес күні онлайн форматта Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың "Крылатая исповедь вольных сердец” шығармалары бойынша театр ұжымы музыкалық-поэтикалық композициясын сахналайды

16 желтоқсан күні сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де қуыршақ театры "Атамекен" патриоттық қойылымын ұсынады.

Осы күні цирк қойылымы мен елордалық цирк ұйымдастырған деректі бағдарламаны мына парақшадан https://www.instagram.com/astanalyqtsirk көруге болады. Ал Жастар сарайының әлеуметтік желілерде "Жігер" эстрадалық-джаз ансамблінің музыкалық құттықтауы өтеді.

Айта кетейік, барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өткізілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: