Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Еліміздің бас командасының жаттықтырушысы Қазақстан футбол үйінде таныстырылды, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасын отандық танымал маман Талғат Байсуфинов басқаратын болды.
Талғат Маруаұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.
Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың "Есіл-Богатырь", Павлодардың "Ақсу", "Ертіс", Оралдың "Ақжайық" футбол клубтарында жұмыс істеді.
Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды.
Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.