Жаңалықтар тізбегі
0

Қағаз ақша жыртылып немесе мыжылған болса, не істеу керек - маман пікірі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 18:19 zakon.kz
Бұл арада бірқатар маңызды мәселені білген жөн.

Мыжылған, шеті жыртылған немесе кір-кір ақша қолымызға тиіп жатады. Онымен дүкенде сауда жасауға болады ма? Бұған ҚР Ұлттық банк маманы жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарамдылығын жоғалтпаған және Ұлттық банк белгілеген банкноттар көлемінің кемінде 70% сақтаған шынайы банкноттар төлем құралы болып есептеледі. Ал, төлем құралының белгіленген көлемінің 70% астамын жоғалтқан банкнот пен монеталар күмәнді болып саналады. Сондай-ақ, шынайылығын анықтауда қиындық туғызатын бүлінген немесе бұрмаланған ақша белгілері де осы санатқа жатады.

- Егер банкнот Ұлттық банк белгілеген көлемінің 50% астамын ақтап қалса, онда бұндай ақшаны ҚҰБ филиалдары шынайылығы мен төлем қабілетін анықтау үшін сараптамаға алады. Сараптама шын ақша деп таныған банкноттар айналымдағы жарамды ақшаға айырбасталады. Айырбастау үшін қосымша ақы алынбайды, - дейді ҚР Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналымы департаменті банкноттар мен монеталарға сараптама жасау басқармасының басшысы Асхат Әбішев.

Жалпы, осы жылдың 11 айында Ұлттық банк 1727 күмәнді банкнот пен монеталарды сараптамаға қабылдап, оның ішінде 972 банкнот пен монетаны жарамды ақшаға айырбастады. 2019 жылдың осы уақытында 3 971 күмәнді банкот пен монета сараптамаға қабылданып, 3 188 банкнот пен монета жарамды ақшаға ауыстырылды.

- Ұлттық банктің барлық филиалдары номиналы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген және заңды төлем құралы болып саналатын ұлттық валютадағы төлем банкноттары мен монеталарын қабылдай береді, - дейді Әбішев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: