Сайлау алды науқан: Теледебатқа қатысушы үміткерлердің тізімі бекітілді
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын саяси партиялардың телевизиялық пікірсайыстарына қатысушылар тізімін мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Пікірсайыс 30 желтоқсанда "Хабар" телеарнасында өтеді.
Сонымен, "АДАЛ" партиясының атынан саяси кеңестің мүшесі Эльдар Жұмағазиев шығады;
Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясынан - Азат Перуашев;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан - партия төрағасы Әли Бектаев;
Қазақстанның халықтық партиясының атынан - партия төрағасы Айқын Қоңыров;
"Nur Otan"-ның атынан партия төрағасының бірінші орынбасары - Бауыржан Байбек қатысады.
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 10 қаңтарда өтеді.