Шиеліде ұрылар сиырды жеңіл көлікпен алып қашпақ болды
yaplakal.com
Қулығына құрық бойламайтын барымташылар.
Қызылорда облысында жеңіл автокөлікке сиырды салып алып, ұрламақ болғандар ұсталды. Оқиға Шиелі ауданы Байгеқұм ауылының тұсында болған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Күдіктілердің екеуі Қызылорда қаласының, ал үшіншісі аудан тұрғыны екен. қазіргі уақытта бәрі Жанақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал тергеу барысында олардың 10-нан астам мал ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Қаскөйлер осылайша бірнеше ауданның тұрғындарын зар қақсатып келіпті.
Ғани Тұрсекеев, Жаңақорған аудандық ПБ басшысы:
Жүргізілген тергеу амалдарының арқасында бұл азаматтардың бұған дейін де бірнеше рет ірі қара малды осы Жаңақорған ауданының төнірегінен ұрлап жүргені анықталып, айғақ заттар бірнеше сойылған малдардың терісі және бірнеше ірі қара мал тірідей сатылған жерінен алынды. Қаіргі уақытта аталған аза маттар Жаңақорған АПБ уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript