Covid-19-ға қарсы ресейлік екпе ең бірінші кезекте кімдерге салынады
interfax.ru
Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге салынады.
Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина, ең алымен кімдерге салынатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", — деді Мамин.
Алдында Қазақстанда "Спутник V" ресейлік вакцинасы өндіріле бастағаны хабарланған. “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript