Сенат сыраның жарнамасына тыйым салды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2020 18:53 Pixabay
Биыл сыраның өндірісі 11% -ға өсті, онда да бұл өсім осы өнімдердің жарнамасына толық тыйым салынған кезде көрініс тапты.

Сенат депутаттары Мәжіліске ақпараттық мәселелер жөніндегі заң жобасын қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Сенаторлар отандық алкоголь өнімін жарнамалау туралы ережені заң жобасынан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Заң жобасында Қазақстан Республикасында шығарылатын сыраның сауда маркасы мен атауын жарнамалауға рұқсат беретін норма енгізілген. Алайда, 2019 жылға арналған ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, сыраның өндірісі 11% -ға өсті, онда да бұл өсім осы өнімдердің жарнамасына толық тыйым салынған кезде көрініс тапты. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының редакциясынан отандық тауар белгілері мен сыраның атауларын бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға құқық беретін нормаларды алып тастау ұсынылды, - делінген Сенат комитетінің қорытындысында.

Бұрын бұл норманы Мәжіліс мақұлдаған болатын.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: