"22 жас кіші". Танымал ресейлік спортшы карантинді пайдаланып, жас актрисаға үйленіп алды
Мұз айдындағы би бойынша 2002 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бүгіндері хореограф және продюсер Илья Авербух екінші рет шаңырақ көтерді. Оның жас қалыңдығы - "Папины дочки" ресейлік телехикаясындағы кенже қыз - Галина Сергеевнаның рөлімен танылған актриса Елизавета Арзамасова, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы уақытқа дейін ерлі-зайыптылар өздерінің қарым-қатынасы жайлы көпке тіс жарып ештеңе айтпаған, бірақ актриса мен спортшының жасырын үйленіп алғаны туралы алып-қашпа сөздер ел арасында желдей ескен. Енді барлығы белгілі болды! Авербух неке қию рәсімінен түсірілген видеоны Instagram парақшасына жүктеді.
Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы 22 жасты құрайды. Абербух бірінші әйелі - спортшы Ирина Лобачевамен 2007 жылы ажырасып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram