Жаңалықтар тізбегі
0

Ядролық апат болған жағдайда ТМД елдері бір-біріне көмекке келе алады

24tv.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2020 20:20 24tv.ua
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез-келген оқыс жағдайға уақтылы әрекет ету жайы қарастырылды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер арасындағы ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезіндегі дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жоюға өзара көмек көрсету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз баяндамасында осы келісімді ратификациялау ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл ақпарат пен көмек ұсынуға мүмкіндік беретінін айтты.

Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалануға байланысты туындауы мүмкін кез-келген оқиғаларға дер кезінде ден қоюға бағытталған.

Сонымен бірге, осы Келісім авариялық-құтқару мамандандырылған топтарының, мамандардың, жабдықтардың, көлік құралдарының ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдайлар кезінде трансшекаралық қозғалысы рәсімдерін жеңілдетеді.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Сенатының қарауына жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: