Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсіне білуі керек

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 00:50 Ақорда
Жақып Асанов сот жүйесін 2021 жылдың шілде айынан бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне дайындау барысы туралы айтты.

Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысына алдағы сот реформасының негізгі бағыттары, әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ, сот өндірісінде қолданылатын ІТ әзірлемелер жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Жақып Асанов сот жүйесін 2021 жылдың шілде айынан бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне дайындау барысы туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсінуі керек екеніне баса мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, кәсіпкерлікті және тұтас экономиканы дамыту бойынша маңызды міндет.

Қазақстан Президенті соттардың кәсібилігі мен адалдығы ең басты құндылық болуы керек екенін атап өтті. Себебі алдағы уақытта іске асатын реформаның табысты болуы осыған тікелей байланысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 00:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: