Қазақстандағы мектеп оқушылары жаңа ереже бойынша тамақтанады

Школьная столовая, школьные повара, еда в школе, школьный буфет, питание в школах, питание в школе, школьное питание, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 16:08 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енетін мектеп тағамдарының жаңа стандарты мен көп нұсқалы стандартты ас мәзірі әзірленіп, бекітілді.Бұл туралы Zakon.kz сайтына Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова ас мәзірі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориялық құрамы ескеріліп, жас санаттары, маусымдық ерекшеліктері, сондай-ақ азық-түлік блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілетінін түсіндірді.

"Стандарт сонымен қатар шағын жинақталған мектептерде, асханаларда тамақтануды ұйымдастыруға және қант диабеті, тағамдық аллергия, целиак ауруы, лактозаға төзбеушілік және басқа да аурулар сияқты ерекше диеталық қажеттіліктері бар балаларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды қамтиды". Роза Қожапова

Оның айтуынша, құжат мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ, диетадағы жаңа стандартқа сәйкес:

  • қанттың, тұздың және майдың мөлшері айтарлықтай төмендеді,
  • табиғи емес өнімдер мен құрамында тұз бен қанттың жоғары мөлшері бар өнімдер (шұжықтар, ысталған өнімдер, қант қосылған шырындар, спредтер, дәм күшейткіштері бар өнімдер және т.б.) алынып тасталды,
  • жаңа піскен көкөністердің, жемістердің және табиғи өнімдердің үлесі ұлғайтылды.

Бір қызығы, азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген шағын жинақталған мектептерде ыстық бутерброд, ашытылған сүт өнімі (йогурт), маусымдық жемістер мен сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден) тұратын түскі ас пакеттері дайындалады.

"Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі, медицина қызметкерлері, азық-түлік қызметтерін жеткізушілер және Маратингтік комиссия мүшелері үшін онлайн оқыту жүргізілуде. Кейінгі оқыту мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне жоспарлануда". Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы мектеп оқушылары 14 жастан бастап еңбек жолын қалай бастай алатынын түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: