Азамат Асқарұлы ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 17:38 primeminister.kz
Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқарұлы Азамат берген өтінішіне сәйкес ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген. Түрлі жылдары "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Қазақстан темір жолы Экспресс" АҚ жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы "KTZ Express Hong Kong" ЖШҚ басқарды. 2016-2019 жж. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болды. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: