Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР-ҚХР теміржол өткелі пунктіндегі жүк вагондарының жайы не болып жатыр

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13 "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ
Достық теміржол стансасы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, ҚР және ҚХР шекаралық өткеліндегі ағымдағы жағдайды бағалау үшін "Атамекен" ҰКП өкілдерінің, ірі жүк жөнелтушілердің, вагондар (контейнерлер) операторларының және экспедиторлардың қатысуымен Достық станциясына шығуды ұйымдастырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекция пандемиясының алдын алу үшін қытай тарапының карантиндік шараларды күшейтуі нәтижесінде Қытай тарапының қабылдамауына байланысты ҚХР бағытында жүк вагондарының ұзақ тұруы мәселесі байқалады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13

Шекара өткелі–Алашанькоу бойынша жүк поездарын тәулік сайын өткізу орташа 8-12 бірліктен аспайды, қажет болған жағдайда кемінде 18 бірлікті құрайды.

Осыған байланысты, күн сайын ҚХР бағытында жүктері бар 7 мыңнан астам вагон тасымалдаумен қамтамасыз етілмейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13

Сапар барысында қатысушыларға Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өтетін және кесте бойынша келген екі поезда контейнерлерді қайта тиеу, жүктерді қабылдау және жөнелту процесі көрсетілді.

Сондай-ақ, "Достық" БӨП шектеу қызметінің, станцияда қайта тиеу процесін жүзеге асыратын вагондар мен объектілердің орнын ауыстыру пунктінің жұмысы көрсетілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13

Сонымен қатар, "ЕвроТранзит" ЖШС, "ЕвроТрансГрупп" ЖШС және "ДостыкТрансТерминал" ЖШС қайта тиеу терминалдарын салу жобалары таныстырылды.

Тексеру қорытындысы бойынша Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ж. Тайжановтың төрағалығымен кеңес өткізілді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін бірқатар шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, кеңес барысында Достық станциясының жұмысымен танысудың қорытындысы бойынша бизнес өкілдері ҚХР-ға жүктерді тапсыру кезінде қазақстандық тарапта шектеулердің жоқтығына және "ҚТЖ"ҰК" АҚ Алашанькоу станциясы бойынша ҚХР енгізген шектеулерді алып тастау кезінде жеткізу көлемін тәулігіне 18 жұп жүк пойыздарына дейін ұлғайтуға дайын екендігіне көз жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 16:13

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: