Жаңа жылға дейін елдің басым бөлігіне қалың қар түседі
Қазақстан бойынша 2020 жылғы 29-31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан аумағында атмосфералық процестердің жылдам ауысуы күтілуде.
Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі.
Бірақ 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтатылуы және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі.
Солтүстікте түнгі уақытта температура 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.