Қызылорда жақта киімге қатты қарайды екен
olx.kz
Тек жылтырап, жалтырап тұру керексің.
Бізде облыс әкімінің киген киміне дейін сынап, мысқылдап жатқандарға айтарым. Өт жарылса да бір емі табылар, тәуекел, дейді желіде Gabit Uzakbai.
Қызылордада жүргеніме екі жылдан асты. Бұл жақта киімге қатты қарайды екен. Неге киім, алтынмен өлшейсіздер өз-өздеріңізді. Астанада жүргенде пуховик, петешогымызбен арасында Ақордаға дейін барып жұмысымызды істеп жүре беруші едік. Қазір сол киімдеріммен осында қонаққа баруға ұяламын. Өйткені үстіңе қарайды, таққан алтыныңа қарайды. Міне, осылай бағаланасың бұ жақта. Тек жылтырап, жалтырап тұру керексің. Әркім өз тапқанын кие берсе болмай ма? Неге адамды материалдық жағдайына қарап бөлесіздер, бағалайсыздар? Астанада үстіңдегі киім өзіңе жылы, бүтін, таза болса болды, киіп жүре береміз. Ешкім ешкімді сынап қарамайды. Әййй... Айтатын нәрсе көп, осы жерден тоқтайын, - деп, тоқтай салды пост авторы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript