Елбасы Ермекбаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді
Елбасы сайты
Сонымен қатар Қорғаныс министрі Елбасыға әскери медицинаны дамыту жайын баяндады.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елбасы сайты хабарлағандай, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қарулы Күштердің 2020 жылдың соңындағы жауынгерлік және жедел дайындық қорытындылары, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.
Сонымен қатар Қорғаныс министрі әскери медицинаны дамыту және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға қатысуы туралы айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript