Коронавирустың таралу деңгейі бойынша екі облыс "қызыл" аймақта қалып отыр
cdnimg.rg.ru
Ақмола және Павлодар облыстары "сары" аймаққа оралды.
Атырау мен Қостанай облыстары әлі күнге дейін коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың бағалау матрицасына сәйкес, 29 желтоқсанда Ақмола және Павлодар облыстары "сары" аймаққа оралды.
Енді онда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары орныққан.
Ал қалған барлық басқа облыстар "жасыл" аймақта болып есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript