Путин Тоқаевты Жаңа жылымен құттықтады
"Российская газета"
Олар екеуара телефон арқылы сөйлесті.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Ресей Президентінің сайтына сілтеме жасап.
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары келе жатқан Жаңа жылға байланысты бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дамуына қанағаттанатындары жеткізілді. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір практикалық мәселелері талқыланды, делінген хабарламада.
Президенттер коронавирус пандемиясымен күресті одан әрі күшейтуге, атап айтқанда Қазақстанда ресейлік вакцина өндірісін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript