Жаңалықтар тізбегі
0

Тас жолдар бойына түйе-жылқының муляждары орнатылып жатыр

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 19:40 polisia.kz
Қазіргі таңда Ақтау-Жетібай, Жетібай-Шетпе, Шетпе-Сайөтес, Сайөтес-Бейнеу, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтау-Құрық және Бейнеу-Боранқұл бағытындағы тас жолдарда 13 үй жануарының муляжы орнатылды.

Маңғыстау облысының тас жолдарында түйелер мен жылқылар бейнеленген муляждар орнатылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңірдегі жол-көлік оқиғалары бойынша статистиканы зерделеп, олардың туындауының негізгі себептері көлік жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты асыруы және малдардың тас жолдардың бойында қараусыз жайылуы деген қорытындыға келді. Нәтижесінде республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдардың ең қауіпті учаскелерінде үй жануарларының муляждарын орнату туралы шешім қабылданды", деп жазады Polisia.kz.

– Үй жануарларының кескіні егжей-тегжейлі дәл суреттелген , олар алыстан тірі үй жануарларына ұқсайды. Жүргізушілер жақындаған кезде ғана олардың қарапайым макет екенін түсінеді. Аталмыш кескіндер жылдамдық азайтылуы тиіс жолдың қауіпті учаскелеріне орнатылуда, – деп атап өтті Департамент бастығы Ж.Бақтыбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 19:40

Қазіргі таңда Ақтау-Жетібай, Жетібай-Шетпе, Шетпе-Сайөтес, Сайөтес-Бейнеу, Жетібай-Жаңаөзен, Ақтау-Құрық және Бейнеу-Боранқұл бағытындағы тас жолдарда 13 үй жануарының муляжы орнатылды. Сонымен қатар, оларға қосымша жарық шағылыстырғыш белгілер де қойылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс 29 желтоқсанда басталды. Аталмыш муляждарды орнатумен “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы және “Қазақавтожол” ЖШС филиалы айналысады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: