Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин: Мемлекет басшысының мақаласы – әрбір қазақстандықтың рухын асқақтатады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 22:24 Ж.Құспанов
Бұл мақала – әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мазмұнды мақаласына орай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, 2021 жыл біз үшін ерекше, себебі, осы жылы біз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған, қасиетті тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, мақалада мемлекетіміздің қалыптасу, даму, өркендеу жолы "Бағдар мен белес", "Таным мен тағлым", "Қоғам мен құндылық" және "Ұлағат пен ұстаным", - деп аталатын төрт ауқымды бағытты қамти отырып, "Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?", "Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?", "Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?", - деген сұрақтардың айқын жауабын көрсеткен.

Президент атап өткендей, тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.

Мәжіліс Төрағасы алғашқы онжылдықта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттік нышандарымыз белгіленіп, билік жүйеміз қалыптасты. "Қазақстан-2030" стратегиясын қабылдадық. Екінші онжылдықта мемлекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз артқанын, үшінші онжылдықта "Қазақстан – 2050" стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды жоспарлап отырғанына тоқталды.

Нұрлан Нығматулин өз сөзінде:

- Осы кезеңдерде білім, денсаулық, әлеуметтік жағдай, рухани байлығымыз, патриоттық рухымыз, басқа да еліміздің барлық салалары заман талабына сай қарқынды өсіп отырды. Бұл Елбасымыз бастап, Мемлекет Басшысы жалғастырған мақсаты берік, болашағы айқын, сенімі нық қазақстандық үздіксіз даму жолымыз, - деді.

Енді алдағы төртінші онжылдықтағы басты міндет – қуатты ел және кемел халық болу екенін алға тартқан Палата Спикері осы жолда ең басты бағдар білімді ұрпақ екенін айтып, жас буынға жан-жақты қолдау көрсете отырып, бәсекелік қабілетін арттыруға баса көңіл бөлінетініне баса көңіл бөлінетінін жеткізді.

- Мемлекет Басшысының мақаласы-елім, жерім дейтін, тәуелсіздікті қорғауға, сақтауға үлес қосуға тиіс әрбір азамат үшін ақыл қалта сияқты айқын бағдар деуге болады. Сонымен бірге, бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтарды жинақтай отырып, ел бірлігін, ұлт тұтастығын, мемлекет өркениетін қамтамасыз етуге арналған нақты тарихи құжат, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Мемлекет Басшысының мақаласы әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алып, рухын асқақтатуға серпін беретіні сөзсіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: