Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 15:00 ҚазАқпарат
Бұл ерекше құбылыс 17 жылда бір рет орын алады.

Алматылықтар осы жазда айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады, деп жазады «Алматы» арнасы.

Бұл ерекше құбылыс 17 жылда бір рет орын алады, дейді мамандар.

Обсеравторияның басты құралы бұл телескоп. Мына құрылғы 1949 жылдан бері жұмыс істейді. Диаметрі 50 см болатын оның көру шегі 30 шаршы метрді құрайды. Бірақ ерекшелігі масштабында емес, бастан өткерген тарихында. Дәл осы құрылғының көмегімен 1969 жылғы Кеңес Одағының ғалымдары Чурюмова-Герасименко кометасын ашқан. Жұлдызшылардың тағы бір мақтанышы - 1947 жылы Сібірге түскен метеориттің бөлшектері. Оның 95 пайызы темір, 6 пайызы никельден тұрады.

«Бұл қандай да бір ғаламшардың ядросы болатын. Аспанда шашылып кетіп, оның кішігірім бөлшектері бізге ұзақ уақыттан кейін жетті. Ерекшелігі сол, темір метеориттің 10 пайызы ғана Жерге келіп түседі. Тарихи тұрғыдан да қарасақ, осындай метеориттерді тапқанда одан пышақ, қанжар тағаталаған. Бұл оның алтыннан да қымбат бағаланған», - деді экскурсия жүргізуші Светлана Мошкина.

Астрономдар обсерваторияға Ай, сақинасы бар Сатуринды, жолақты Юпитер және Марстың полярлы басын көруге келетіндердің қатары көп дейді. Мұнда аспандағы әдемілікті тамашалауға оқушылардан бастап, туристер де келеді екен. Ал жұлдызшылар қала тұрғындарына жазда ерекше табиғи құбылысты тамашалауға болады деп отыр.

«Биыл айдың тұтылуын тура түннің ортасында 28 шілде күні көре алады. Ол түнгі 12.23-те көрінеді. Сол үшін 27 шілде күні түнде далаға шығып, уақыттың 12.00-ге ауысқанын бақылау керек. Тұтылу 3 сағатқа созылады деп күтеміз», - деді зертхана меңгерушісі Любовь Шестакова.

Мамандар айдың беті толықтай жабылады дейді. Одан бөлек, 28 шілде - ұлы Марспен қарама-қарсылық туады. Бұл дегеніміз Жер мен Марс 17 жылда бір рет бір-біріне өте жақын қашықтықта жақындайды. Осы кезде Марстағы шаңды дауылды көруге мүмкіндік туатын көрінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: