Жаңалықтар тізбегі
0

Алмасбек Садырбаев: Бизнесті қолдау арқылы ұлттық экономиканы дамытамыз

"ADAL" партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2021 22:24 "ADAL" партиясы
Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев "Агрофирма "Приречное" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

"ADAL" партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің өңірлердегі жұмыс сапарлары тұрғындармен маңызды кездесулермен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және мәдени салмағы бар нысандарға барумен де ерекшеленеді.

Бүгін Семей қаласында жүрген үміткерлер Дәулет Мұқаев, Ардақ Назаров, Олжас Ордабаевтар қоғам қайраткері, журналист, этнограф, Алаш партиясы жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл — өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының көрнекті ұлына деген құрметтің белгісі. Кандидаттар гүл қою рәсімі кезінде Әлихан Бөкейханның шынайы патриотизмнің және Отанға қызмет етудің үлгісі екенін атап өтті.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев "Агрофирма "Приречное" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуге қатысушыларды, әсіресе, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаның міндеттері қызықтырды.

Кәсіпорын қызметкерлері бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды. Алмасбек Садырбаев осы орайда өз ойын атап өтті: "Бизнесті қолдау арқылы біз ұлттық экономиканың дамуына үлес қосамыз. Партия кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шараларын енгізуді қолдайды. Атап айтқанда, біз 2025 жылға дейін салықты арттыруға мораторий жариялауды ұсынамыз. Бағдарламада ауылшаруашылық техникасын лизингке алу шаралары 6%-бен көрсетілді".

Спикер атап өткендей, партия шағын фермерлерді 2% -бен микронесиелеу арқылы қолдау қажет деп санайды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ынтымақтастығының арқасында өндірісті 20% ұлғайту. Субсидиялар арқылы озық технологияларды енгізуді ынталандыру және шығындарды азайту қажет.

Жиналысқа қатысушылар ұсынылған шараларды қолдап, "ADAL" партиясына дауыс беруге ниет білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: