Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты

Бұл лауазымды қызметке Батыс Қазақстан облысының тумасы Мәдениет Танауов тағайындалды.
6 қаңтарда Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Ол - Батыс Қазақстан облысының тумасы Мәдениет Танауов, деп хабарлайды zakon.kz.
М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді (санитариялық-гигиеналық факультет) бітірген. Осы тағайындауға дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.
Одан бұрынғы санитар дәрігер Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ өзінің бұрынғы қызметіне - Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына оралды.
Естеріңізге салсақ, бұл өңірімізде COVID-19 пандемиясы басталғалы тағайындалған сегізінші бас санитар дәрігер.
Дерек көз: azh.kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript