Аягөз қаласының әкімі ауысты
![ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 03:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3e3aaabc-bc88-4687-b65e-883315ff81a2/800x452.webp)
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Аягөз аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен Аягөз қаласының әкімі болып Медет Мырзыкешов сайланды, - дейді ҚазАқпарат
Медет Нығметоллаұлы 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Шынқожа ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2008-2011 жылдары Семей қаласы Шәкәрім атындағы СМУ университетін бітірген. 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған.
2008-2012 жылдары Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне келісім-шарт бойынша жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары "Таскара" әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында, 2013-2014 жылдары Суздаль жедел взводында құтқарушы болды.
2014-2016 жылдары Аягөз ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2016-2020 жылдары аталған бөлімнің басшысы болып қызмет етті. 2020 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.