Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

kazislam.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2021 19:14 kazislam.ru
Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.

Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.

Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!", - деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: