Жаңалықтар тізбегі
0

Біздің мақсатымыздың бірі - атқарылған тыңғылықты істерден халықты хабардар ету

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2021 20:48 Facebook
Сапалы адам капиталы мәселесі де біздің өңір үшін өзекті.

Талғар Алматы облысындағы ең ірі ауданның біріне жатады. Өйткені жылдан жылға аудан көлемі ұлғаймаса, кішірейген емес. Оған себеп - ауылдан үдере көшіп, қалаға жұмыс үшін ағылып келетін қалың адам.

Әрине, олардың оңтүстік астанамызға жайғаса кетуге әл-ауқаты жеткіліксіз. Сондықтан мұндайда ең ыңғайлысы - қала маңындағы елді-мекендерден жер телімін сатып алып, үйді өз қолымен тұрғызу. Осылайынан бой көтерген жаңа ауыл халқының көбісіне аудан орталығына қатынаудың өзі қиындау. Өйткені арадағы қашықтық тым алшақ әрі тікелей жүретін автобус та бола бермейді. Дегенмен жаңа ауыл халқының басты мәселесі осы десем, қателескен болар едім. Аудан орталығы тұр ғой сол жаңа ауыл маңындағы басты жолға апарып қосатын дұрыс жолдың болуы жергілікті жұрт үшін бір мұң.

Мәселен, күні кеше - 4 қаңтарда "Nur Otan" партиясындағы әріптестеріммен бірге Нұра ауылы тұрғындарымен жолығып қайттық. Мұндағы басты проблема - ауыл көшелерін жөндеу жұмысы және жарықтандыру. Сонымен қатар Жетіген елді-мекенімен байланыстыратын негізгі жолға жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсе деген өтініш аманаттары тағы бар. Әрине, көтерген мәселелердің біразы бүгінде күн тәртібінде тұрған негізгі жұмыстар. Біз, тек соны жеделдету үшін құзырлы органдардың құлағына жеткізетінімізді айттық.

Сапалы адам капиталы мәселесі де біздің өңір үшін өзекті. Талғар ауданында кәсіп иелерін даярлап шығаратын білім ордалары жетерлік. Ендігі біздің партияның мақсаты – солардың жабылуына жол бермеу, керісінше оның санын арттыру, барынша жағдай жасау. Осыны 28 желтоқсанда қаламыздағы Райхан Нұрмырзақызы басшылық ететін политехникалық колледжі оқытушыларымен және 6 қаңтарда Талғар қаласындағы агробизнес колледжі ұжымымен кездесу кезінде жеткіздім.

Жалпы, "Nur Otan" жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады. Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.

​Сондай-ақ елімізде "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасының әзірленуі, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысының 25 пайызға артуы партия қолдауымен жүзеге асырылып жатқан нақты істер болып табылады.

​​Жуырда аудан орталығында жаңадан ашылған "Daryn” зияткерлік мектебінде де болдық. Аудан бойынша баламасы жоқ аталған мектепте білім алуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Әрине, бұл - Мемлекет басшысы және еліміздегі іргелі партия құрған салалық бағдарлама аясында жүзеге асырылған тыңғылықты көп істің бірі.

Өз кезегінде еліміздің болашағын тәрбиелеп отырған бала жанының бағбандары – мұғалімдер алдағы сайлау науқанында біздің партияны қолдауға әзір екендіктерін білдірді. Ал кәсіптік оқу орындары жастар үшін қалада саябақ тұрғызу мәселесін алға тартып, біз оны жоғарыға жеткізуге уәде еттік.

Бұл сөз еткен кездесулер сайлауалды науқан кезінде біздің әріптестерімізбен бас сұққан нысандардың тек бір парасы ғана. Мұны өзім де құрамында бар партия мүшелері әр өңірде, әр аумақта барын әрі елді-мекендерді аралап, нақты мәселемен жекелей танысып, оның барлығы партияның жадына алынып жатқанын жеткізу үшін айтып отырмын. Әрине, сөз соңында өздеріңізді мақсаты айқын, нақты істер партиясы – Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын!

Амангелді Сембаев, Талғар ауданы мәслихатының VI шақырылымындағы депутаты, "Nur Otan" партиясының мүшесі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: