Тоқаев 15 қаңтарда үндеу жасайды
zakon.kz
Содан кейін Ұлттық кеңес отырысы өтеді.
Депутаттар сайлауында дауыс берген соң Қазақстан Республикасының Президенті сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Реформалар әзірленіп жатыр. Реформалар тоқтатылмауы тиіс. 15 қаңтарда мен Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы алдында сөз алып, үндеу жасаймын. Содан кейін Ұлттық кеңес отырысы өтеді, онда реформалар мәселелері бойынша өте салмақты талқы жүреді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript