Қазақстанда дауыс беру процесі аяқталды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2021 02:06 elorda.info
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақытымен 20: 00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау процесі аяқталды. Бір сағаттан кейін уақыт айырмашылығына байланысты батыс аймақтарда да дауыс беру аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің азаматтары 14 облыста және үш республикалық маңызы бар қалада 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде дауыс берді. Шетелдегі қандастарымыз да дауыс берді - олар үшін 51 елдегі 66 сайлау учаскелері ашық болды. Бірінші болып Жапониядағы қазақстандықтар дауыс берсе, АҚШ пен Канададағы Қазақстан азаматтары соңғысы болып ертең бұл процесті аяқтайды.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2% бюллетень тапсырды.

Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі тәртіпте орналасқан:

1. Қазақстанның Халықтық партиясы;

2. Nur Otan партиясы;

3. "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;

4. Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы;

5. "Адал" саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: