"Ақ жол" партиясынан Мәжіліске кімдер барады
"Ақ жол" партиясы Мәжіліс құрамына енетін депутаттарын таңдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжіліс депутаттарының мандаттары Пленумның бірауыз шешімімен келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
1. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
2. Әбілдаев Азамат Рахатұлы
3. Барлыбаев Ерлан Хайланович
4. Дюсембинов Берік Сәлімжанұлы
5. Ерубаев Серік Сарсенович
6. Еспаева Дания Мадиевна
7. Жұмабаева Айгүл Кызыровна
8. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы
9. Линник Андрей Григорьевич
10. Өмірғали Ерлік Хайдарұлы
11. Раманкулов Максат Базаралыевич
12. Сембинов Азат Талгатович
10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау өтті. 12 қаңтарда ОСК сайлау қорытындысын жариялады. Парламентке үш партия өтті: Nur Otan, Қазақстанның Халық партиясы және "Ақ жол" Демократиялық партиясы. Ең көп мандатты Nur Otan алды – 76, "Ақ жол" 12 мандат, Қазақстанның Халық партиясы 10 мандат алды. Сонымен қатар, Мәжілісте Қазақстан Халқы Ассамблеясынан 9 депутат болады.