Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресей арқылы мұнай тасымалдау жұмысын қалпына келтірді

google.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 22:19 google.com
Қатты аязға байланысты Маңғыстауда 10 қаңтарда кешкісін жарық сөніп, мұнай айдау стансасы да токтан ажыратылған.

Қазақстанның ұлттық операторы "ҚазТрансОйл" Өзен-Атырау-Самара магистральдық құбырының Атырау-Самара учаскесінде технологиялық режимге сай мұнай тасымалдау жұмысын қалпына келтірді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

11 қаңтарда сағат 19.59-да (Мәскеу уақытымен 16:59) энергия беруші ұйым электр энергиясы тасымалы жұмысын тұрақтандырғаннан кейін, Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырының Атырау-Самара учаскесінде мұнай тасымалдау жоспардағы режимге сай қалпына келтірілді. "Қазтрансойл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы технологиялық режимге сай мұнай айдау жұмысын іске асыра бастады, делінген компания хабарламасында.

Атырау-Самара учаскесінде мұнай тасымалдауды уақытша тоқтату кезінде электр энергиясының сөнуіне байланысты ("KEGOC" АҚ, "Атырау Жарық" АҚ) жүк жөнелтушілер тарапынан мұнайды қабылдау бойынша ешқандай шектеулер болмағандығы атап өтіледі.

Ұзын - Атырау - Самара мұнай магистральдық құбыры Қазақстанның 1235,7 шақырым территориясын қамтиды, ол Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өтеді, деп толықтырды компаниядағылар.

11 қаңтарда "Транснефть" компаниясының өкілі Игорь Демин Қазақстан Ресей арқылы өтетін құбырға мұнай айдауды тоқтатқанын мәлімдеді. Бұған қатты аяз себеп болды, соның салдарынан өңірде жарық сөніп, мұнай айдау станциясы жұмысын уақытша тоқтауға мәжбүр болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: