Қызылорда облысында бес партия да депутаттық мандатқа ие болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 23:00 zakon.kz
Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.

Қызылорда облысы бойынша депутаттар мандатының саны - 152. Саяси науқанға қатысқан барлық 5 партияның өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда депутаттық орындарға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтсақ, Қазақстан халық партиясы - 4, Nur Otan партиясы - 126, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 15, "Адал" саяси партиясы 2 квотаға ие болды.

Айта кетсек, Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: