Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 17:03 ҚР АШМ
Сиыр етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында 26,4 млн АҚШ долларын құрады.

2020 жылғы қаңтар-қараша айларында ет өндіру көлемі (құс етін қоспағанда) 435 мың тоннадан асты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, шұжық өнімдерін өндіру 12%-ға (48-ден 53,8 мың тоннаға дейін) және ет консервілерін өндіру 13,8%-ға (7,7-ден 8,8 мың тоннаға дейін) артты.

Сиыр етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында 26,4 млн АҚШ долларын құрады.

Отандық дайын өнім өндірісінің өсуі мал шаруашылығы және ет өңдеу салаларындағы мемлекеттік көмектің ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындарының қуатының артуына ҚР АШМ өткен жылы іске қосқан тірі мал экспортына мораторий жариялауы оң әсерін тигізді. Бұл шара жануарлардың еліміздің шекарасынан жаппай шығарылуын тоқтатып қана қоймай, Президенттің тапсырмасына сәйкес дайын өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ет өңдеушілер үшін келесі мемлекеттік қолдау түрлері:

1) жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттарды салуға инвестициялық салымдардың бір бөлігін өтеу (25%-ға дейін);

2) айналым және негізгі құралдарға арналған несиелер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау;

3) "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде ет және құс етін өндірушілерге жеңілдікпен несие беру қарастырылған.

Сонымен қатар, ҚР АШМ өгізшелерді ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру кезінде фермерлерді субсидиялау шараларын енгізді. Мал өсірушілер мемлекеттен қосымша бір килограмм тірі салмақ үшін 200 теңгеден ала алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: