Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік органдар интернетке бірыңғай шлюз арқылы қосылуға міндетті

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 19:18 total.kz
2020 жылы мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарына 594 миллион желілік шабуыл жасалды.

2020 жылы "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мемлекеттік органдардың электрондық ресурстарында түрлі деңгейдегі 594 миллион желілік шабуылды анықтап, бұғаттады. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (ИҚБШ) көмегімен Интернетке қосылу кезінде мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу және зиянды әсер ету тәуекелдері айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иелерін Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі (ИҚБШ) арқылы Интернетке қосылу қажеттігін хабарлайды.

ИҚБШ-ға қосылу үшін Интернетке қол жеткізу қызметтерін ұсынатын байланыс операторына жүгіну қажет.

Компьютердің ИҚБШ-қа қосылған-қосылмағанын https://support.sts.kz/checkip сервисі немесе @usiag_bot телеграм-бот арқылы онлайн түрде тексеруге болады. Осы сервистер ұсынатын деректер тексеру кезінде маңызды.

Жоғарыда аталған заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 641-бабы) әкімшілік жаза көзделгенін атап өту керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: