Мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасаған кәсіпкер сотталды
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Сатурн" ЖК-нің басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Осылайша, Д.Ш. Малдыбаев 2017 жылдың қазанынан желтоқсанына дейінгі аралықта "Сатурн" ЖК-нің атынан өтінімдер беру арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тапсырыс берушілері отыздан астам мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйым болған электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысты. Өтінімдерде ол жанар-жағармай материалдарын ҚР-ның аумағында ЖЖМ сатып алу бағасына сәйкес келмейтін төмендетілген бағамен сатуды көрсеткен.
Сонымен бірге, Малдыбаев Д.Ш. конкурстық құжаттамаға сәйкес электронды мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен жағдайда тапсырыс берушілер ЖК-мен келісім-шарт жасасқаннан кейін бірден 100% төлем жүргізетінін нақты білді.
Айыпталушы осы жағдайды пайдаланып, отыз бір мемлекеттік мекеме және бюджеттік ұйымға қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған, нәтижесінде мемлекетке 60 млн теңгеден астам залал келтірді.
Оның халықаралық іздеуде болғандығын және Қырғыз Республикасының аумағында ұсталғандығын атап өткен жөн.
Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-т. бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.