Мамин өз тағайындауына қатысты пікір білдірді
liter.kz
Мәжілістегі дауыс беру кезінде 21 депутат қалыс қалды, 78-і Маминнің кандидатурасын қолдады.
Асқар Мамин өз тағайындауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, бұл мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Біздің алдымызда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер мен мақсаттар тұр. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізді дамытудың негізгі бағыттарын айқындап, оны жариялады, оның ішінде ең бастысы - өмір сүру сапасын жақсарту, халықтың әл-ауқаты және табысын арттыру, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл міндеттер экономикалық өсу қарқынын арттыру арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да бірқатар салаларда тиімді шаралар қабылданатын болады. Осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет тиімді және Парламентпен бірлесе отырып, жұмыс істейді, - деді Мамин.
Мәжілістегі дауыс беру кезінде 21 депутат қалыс қалды, 78-і Маминнің кандидатурасын қолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript