Алматының модульді госпиталі қайта ашылады
Алматының модульді госпиталінде жоспарлы өңдеу аяқталып қалды, 20 қаңтарда науқастар қайта қабылданады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жақын арада Б. Момышұлы көшесі 1\55 (бұдан әрі-Модуль-1) мекенжайы бойынша орналасқан И.Жекенова атындағы "Қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы" модульдік госпиталі қайта ашылады.
Аурухана өткен жылдың желтоқсан айының басында басталған жалпы санитарлық-дезинфекциялық емдеуден кейін науқастарды а. ж. 20 қаңтарында КВИ емдеу үшін қайта қабылдай бастайды..
Естеріңізге сала кетейік, Модуль-1 2020 жылдың сәуір айынан бастап қараша айының соңына дейін – пандемияның ең өршіген кезінде жұмыс істеді. Барлығы 3 430 науқас емделді. Қазіргі уақытта ғимарат, палаталар мен жабдықтар толық өңделген, барлық параметрлерге сәйкес келеді, модульде жылу, барлық жабдықтар, соның ішінде қарқынды терапия және реанимация жұмыс жасауға әзірленген.
Инфекциялық аурухананың модульдік госпиталі қуаттылығы 280 төсек-орынға арналған қуаттылыққа ие. Әртүрлі инфекциялық аурулары бар науқастарды сенімді оқшаулауды қамтамасыз етеді: қабылдау-кеңес беру бөлімшесі көшеден жеке кіретін есігі бар 6 бокстан тұрады және науқастардың айқаспалы инфекциясын болдырмайды. Бөлімшеде диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкіндігі бар: компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, бейнеэндобронхоскопия, электрокардиография. Ауруханада 28 төсек-орынға арналған ірі реанимациялық бөлім бар, ол сараптамалық кластағы заманауи медициналық жабдықтармен және сенімді желдету жүйесімен жабдықталған. Аурухана ең озық жабдықтармен жабдықталған.
Алматыда медициналық ұйымдардың инфекциялық палаталарында барлығы 7 011 орын жабдықталған.