Кетпеген Лукашенконың кесірі: Минск хоккей чемпионатынан айырылды

EPA-EFE/ANTHONY ANEX, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 03:51 EPA-EFE/ANTHONY ANEX
Дүйсенбіде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) кеңесінің осы мәселеге арналған отырысы өтті.

Минск хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионаты матчтарын өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС-қа дереккөзден белгілі болған екен.

Дүйсенбіде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) кеңесінің осы мәселеге арналған отырысы өтті.

"Әлем чемпионатының матчтары Минсктен көшіріледі", - деді агенттікпен сөйлескен сенімді адам. Бірақ ол әлем чемпионатының матчтары қай қалаға көшірілгенін айтпапты.

Турнир 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Әлем чемпионатының ойындарын кезінде Минск пен Ригада өткізу жоспарланған, бірақ кейін Белоруссиядағы күрделі саяси жағдайға байланысты еуропалық түрлі қоғамдық ұйымдар IIHF-ті 2021 жылғы әлем чемпионатының матчтарын Минскте өткізбеуді талап ете бастаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: