Бұл жолғы коронавирустың шарықтау шегі наурыз айына тұспа-тұс келеді - министр
cdni.rt.com
Бүгін Үкіметте министр өз болжамымен бөлісті.
Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус инфекциясының өршу шыңы қай кезеңге тап келетінін болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Ауруға шалдығушылардың ең көп тіркелуі, яғни індеттің өршу шыңы наурыз айының соңында орын алуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша күніне 3 мыңға дейін науқас тіркеледі деп күтіледі. Ауруханаға түсушілерғ яғни ауруханадағы максималды сыйымдылық 24 мың кереуетке жетеді. Алайда бұл сценарий орын алып жатқан жағдайда да қатаң карантиндік шаралар енгізу жоспарланбаған, - деді Цой.
Сонымен бірге, ол реалистік және пессимистік сценарийлер бойынша күнделікті тіркелетін ауру саны 6 мың және 9 мыңға дейін, ал төсек-орын қоры 45 мың кереуетке жетуі мүмкін деген болжамды да айта кетті.
Яғни, бұл КВИ-ге шалдыққан науқастар үшін ауруханада 52 мың орын бар деген сөз, бірақ одан әрі асыруға болмайды, денсаулық сақтау саласына аса ауыртпалық түсірмеу үшін мұндай жайт қатаң карантиндік шараларды енгізу қажеттілігіне әкеліп соғады, деп атап өтті министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript