"Путин сарайы". Навальныйдың зерттеуі YouTube-те тренд болды
Коррупцияға қарсы күрес қоры Владимир Путиннің Геленджик қаласы жанындағы сарайы жайында материал жариялады. Бұл зерттеу Коррупцияға қарсы күрес қорының негізін қалаған Алексей Навальный Германиядан Ресейге келгеннен кейін 30 тәулікке қамалған күні жарияланды, деп жазады centralasian.org.
Зерттеу жұмысы Навальный ұсталғанға дейін дайындалған. Бұл деректі фильм 2 сағатқа созылады, фильмді дайындауға Навальныйдың өзі қатысқан.
"Путин сарайы" Қара теңіздің Геленджик жағалауында 2005–2010 жылдары салынған. Бұл сарайдың президент үшін салынғанын 2010 жылы кәсіпкер Сергей Колесников мәлімдеген. Ол жоба құнын 1 млрд долларға бағалаған. Бұл сарай жайында БАҚ, оның ішінде Азаттықтың орыс қызметі бірнеше рет жазған.
Коррупцияға қарсы күрес зерттеуінде сарайды қаржыландыру схемасы жан-жақты айтылған, сонымен бірге оның интерьері де көрсетілген.
У расследования про Путина 1 миллион просмотров за первые 50 минут https://t.co/2WgjNPCjSU pic.twitter.com/LwnFAr4MGp
— Георгий Албуров (@alburov) January 19, 2021
"Бұл Ресейдегі ең қорғалатын нысан. Былайша айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл Путиннің ең үлкен құпиясы. Нысанды жүздеген, тіптен мыңдаған адам күзетеді. Фильмде сарайдың құрылысын тарихтағы ең үлкен жемқорлық деп атайды.