Алматы облысында көлік иелері мен жүргізушілер былтыр 270 мың мемлекеттік қызмет алды
2020 жылғы жұмысын қорытындылау барысында облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығы облыс тұрғындарына 268 084 мемлекеттік қызмет көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің қызметіне жүгінген тұрғындардың басым бөлігі темір тұлпарларын тіркеуге қойған немесе шығарған, сонымен қатар жүргізуші куәліктерін алу қызметі бар.
268 мыңнан астам мемлекеттік қызметтің 232 000 жуығы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы ұсынылды. 18 515 тұрғын тиісті қызметті Е-гов порталы арқылы онлайн алды. Былтыр 612 адамнан ғана қағаз нұсқада өтініш қабылданды. Қызмет көрсетішілерге толыққанды сапалы қызмет көрсетілді. Тұрғындар тарапынан полицейлердің қызмет көрсетуіне еш шағым айтылған жоқ, деді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Молдаханов.
Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, 2020 жылы 17 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетуден бас тартылған. Оның басты себептері көлік құралдарына қойылған шектеулер, төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен қажетті құжаттарды ұсынбау болған.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрақты түрде өткізілетін "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы кезінде облыс тұрғындарының проблемалық мәселелерін қарастырып, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өту қажет.