Қырғыз еліне бару үшін ұшақ жолаушыларынан енді ПТР-анықтама талап етіледі
Pixabay
7 жасқа дейінгі балаларға тест тапсырудың қажеті жоқ.
Қырғыз еліне ұшақпен баратын барлық қазақстандықтардан ПТР-анықтама талап етіледі. Бұл туралы ақпарат "Эйр Астана" сайтында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ереже барлық жолаушыларға, соның ішінде Қырғыз елі азаматтарына да 23 қаңтардан бастап қолданылады.
Қырғыз Республикасына сапар шегетін барлық жолаушылар ПТР сынағының теріс нәтижесі бар анықтамасын ұсынуы керек (құжаттың қолданылу мерзімі нәтиже алынған сәттен бастап Бішкекке рейс келгенге дейін 72 сағат құрайды), делінген хабарламада.
ПТР-анықтаманы ағылшын немесе орыс тілдерінде беруге болатындығы атап өтілген. Егер бұл құжат басқа тілде берілсе, орыс / ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы қажет.
7 жасқа дейінгі балаларға тест тапсырудың қажеті жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript