Жаңалықтар тізбегі
0

Баннердегі бетперде таққан қазақ келіншегі болып шықты. Әкімдік бұған не дейді?

Интернет, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2021 19:40 Интернет
БАҚ-тар оның ауылда тұратынын, Алматы облысының Жаңашар ауылында "Адал сүт" ЖШС-де жұмыс істейтінін жарыса жазып жатыр.

Журналистер коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Алматыда кеңінен таралған "Бетперде тақ" баннеріндегі маска таққан келіншектің филиппиндік емес екенін (бұған дейін әкімдік солай мәлімет берген), Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова екенін анықтады. Ол өз фотосуретін рұқсатсыз пайдаланып, таратқандардан ақы алуға құқылы деп санайды. Zakon.kz редакциясы әкімдікке осы мәселе бойынша түсініктеме сұрады.

Бұған дейін әкімдіктегілер түсіндіргендей, баннерге арналған фотосурет шетелдік фотобанктан алынған және онда филиппин азаматы бейнеленген. Бірақ ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. БАҚ-тар оның ауылда тұратынын, Алматы облысының Жаңашар ауылында "Адал сүт" ЖШС-де жұмыс істейтінін жарыса жазып жатыр.

Бұл баннерлер қалада пайда болған кезде, ең алдымен оған таныстары хабарласып: "Неге сенің суретіңді қалада барлық жерге іліп тастаған", – деп сұрапты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2021 19:40
сурет: nege.kz

Самал Омарова бұл фотосуреттің қашан түсірілгені есінде жоқ.

Мен Алматыда банктерге барғанмын. Мүмкін сол жерде суретке түсірген шығар. Сірә, бір жерде суретке түскенмін. Мысалы, жұмыста да болуы мүмкін. Жұмыста біз үнемі бетперде тағып жүреміз, - деп келтіреді Самал Омарованың сөзін nege.kz.

Самал Омарова өз суретін пайдаланғаны үшін ақы алуға құқылымын деп санайды. Ол жарнама агенттігіне хабарласқан, өз кезегінде олар әкімдікке жөн сілтеген.

Әкімдік редакцияның сауалына жауап бере отырып, баннердегі медициналық бетперде таққан келіншектің суретін жарнама макетін жасауға арналған Freepik.com - Дүниежүзілік тегін фотосуреттер банкінен алынғанын айтты.

Белгілі бір адамның фотосуретін пайдалану үшін оның ресми рұқсаты қажет, ал банкте лицензияланған фотосуреттер бар. Дүниежүзілік банктің өзінде жарнаманың кез-келген түрінде шектеусіз мөлшерде пайдалануға болатын лицензияланған фотосуреттер болады. Барлық талаптаға сай қажетті сапада және қажетті көлемдегі фотосурет жоғарыда көрсетілген сайттан алынған. Мұндай фотосуреттер банкі бізде жоқ, сондықтан дизайнерлер Дүниежүзілік банктің қызметін пайдаланады. Айта кету керек, бұл сайттағы мәліметте суретте бейнеленген адамның азаматтығы да, осы фотосурет түсірілген мемлекеттің де аты туралы айтылмайды, деп жауап берді Мәдениет басқармасындағылар.

Олар осы сурет қаладағы билбордтарда, жарықдиодты экрандарда, қоғамдық көліктер де және т.б. орналастырылғанын атап өтті. Бұл әлеуметтік жарнама науқанына бюджеттен ақша бөлінбегені бұрын хабарланған.

Дүниежүзілік банктің лицензияланған фотосуреттерін пайдалану ешкімнің құқығын бұзбайды. Авторлық құқыққа қатысты барлық заңды сұрақтар Дүниежүзілік Фото Банкі - Freepik.com сайтына жолдануы керек, - дейді басқармадағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: