Қорғаныс министрінен ерлік пен патриотизм сабағы
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Қазіргі уақытта "Іле" полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаттығу барысында тәжірибие жүзінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресудің жаңа тәсілдері қолданылуда. Қорғаныс министріне Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров жауынгерлік атыс кезінде түтін мен бүркемелеудің қолданылуын, соққы беретін дрондарға бақылау жүргізіліп жатқандығы жайында айтты.
Соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстарды мұқият зерделеудің нәтижесінде десанттық-шабуылдаушы әскерлерінде жасалған бұл әдістер жауынгерлік дайындықты едәуір арттырып қана қоймай, сонымен қатар жеке құрам арасында үлкен шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев "Арыстан" мамандандырылған лицейінде ерлік және патриотизм сабағын өткізді.
ҚР Қорғаныс министрі әрбір азамат өз елінің патриоты үшін әскери мамандық таңдаудың маңыздылығын, Қазақстан Қарулы Күштерін дамытудың стратегиялық бағыттарын, заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың түрлері жөнінде айтып берді. Арыстандықтарға арналған сабақ жоспарында ел әскері, оның міндеттері және мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы рөлі туралы мультимедиялық әдістемелік материалдар көрсетілді.
Ел Қарулы Күштерінің қазіргі келбеті 21 ғасырдағы әскерге қойылатын талаптарға сай. Әскери мамандық әскери қызметшілерден нақты, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары бойынша терең білім алуды, сондай-ақ мықты дене даярлығын талап етеді. Мамандандырылған лицейді бітіргеннен кейін осы салаға сәйкес Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсе аласыздар. Естеріңізде болсын, Отанды қорғау әрқашан жоғары азаматтық ерлік болып саналады. Сіздер елдің тағдыры, оның болашақта дамуы мен өркендеуі жолындағы жауапкершілікті өз мойнына алатын жаңа буынсыздар, – деп атап өтті болашақта қазақстан әскеріндегі офицерлік корпусының негізін қалайтын жастарға арнаған сөзінде Нұрлан Ермекбаев.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министріне институт бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков оқу үдерісінің санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер жағдайында ұйымдастырылуын, оқу-материалдық базаның жай-күйін, оқу бағдарламаларының іске асырылуы жайында айтты. Министр жаттығу кешендерін, оқу техника және қару-жарақ үлгілерін, оқу-әдістемелік кабинеттердің, кафедралардың, зертханалардың жабдықтарын көрді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу процесінің мазмұнын арттырып, әскери кадрларды сапалы даярлауға назар аударды.