Жаңалықтар тізбегі
0

Навальный жаңа леп әкелді. Дос Көшім Ресейдегі көтеріліске қатысты пікір білдірді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 17:28 видеодан алынды
Оның айтуынша, біздің оппозиция деп жүргендер жатанды әдетінен танбайды, сондықтан халық одан да жалыққан. Ал Навальный осы бағытта жаңа леп әкелді.

"Қарапайым халыққа әділтесіз сайлаудан гөрі, президенттерінің жемқор болатыны жанына қатты бататынын бұл оқиға тағы бір мәрте көрсетіп берді. Яғни, әділетсіз сайлау үшін болмаса да президенттің жемқорлығы халықты аяғынан тік тұрғыза алады". Бұл пікірді саясаттанушы Дос Көшім журналист Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында айтты.

Оның айтуынша, біздің оппозиция деп жүргендер жатанды әдетінен танбайды, сондықтан халық одан да жалыққан. Ал Навальный осы бағытта жаңа леп әкелді.

"Ол барлығын жуналисттік зерттеу секілді бастады да халыққа бұрын білмей жүрген нәрселерін нақты деректермен бере бастады. 100 мыңдаған деректі тауып, оны қүрастырып, халықты оята білді ол. Менің ойымша, ол арада жалғыз Навальный немесе оның командасы ғана тұрған жоқ. Олардың айналасында осы 100 мыңдаған деректің түпнұсқасын тауып беруге көмектескен, оған сенетін өзге де ықпалды тұлғалар бар. Олар Навальныйды пайдаланғысы келетін, тіпті Путиннің маңайындағы адамдар да болуы мүмкін. Президентке реніші бар, тағы сол секілді. Әйтпесе анандай құжаттарды тауып, жинау жәй адамдардың қолынан келмейді", - дейді ол.

Дос Көшім Навальный не үшін өзінің ұсталатынын біле тұрып, Ресейге оралуға бел буғанын былай топшылайды:

- Егер ол жеке басының қамын ойлайтын адам болса, әу баста, саясатпен айналыспас еді. Ол саясаткер, өзіне жүктелген міндетті атқарып жатыр. Иә, тәуекел жасау керек кез көп. Бұл - оның қадам басқан сондай бір тәуекелі. Одан соң келе салып, ол мен өз-өзіме қол жұмсамаймын, терезеге асылып өлмеймін деп жазды желіде. Яғни, ол өзінің ұсталатынын білді, одан кейінгі жағдайын да ойлап, "өзіне қол жұмсап өлді" деген сценарийді алдын ала жоққа шығарып, өз өмірін сақтандыруға тырысты. Билік бұдан кейін оның көзін жоюға дәті бара ма, оны өздері біледі енді. Негізі, кейбір жағдайда билік "халық көтерілсе көтерілсін" дейтін керексіз әрекеттерге әдейі баратын секілді. Навальныйда да солай болды. Оның әуежайға қондырмай елдің құлағын елеңдетіп, аяғынан тік тұрғызды. Ақыры үшінші әуежайға қондырып, сол арадан халықты әділетсіздіктен құлақтандырып отырған, бір сөзбен халықтың адамын көз алдарында байлап-матап әкетеді. Одан соң халық көтерілмегенде қайтеді?..

Навальный үшін Ресей неге шала бүлінді деген сауалға саясаттанушы:

- Олар Навальный келе жатқанда бекерден-бекер шала бүлінген жоқ. Санкцияның әсері 2-3 жылдан соң біленеді. "Бөрі арығын білдірмес, ит жүнін қомпайтар" демекші, Путин әзірге түк болмағандай кейіп танытып отыр. Бірақ экономикалық санкциялар жақсылыққа апармайды. Бұл оқиға Ресейді тағы бір қиын жағдайға тап қылады. Әрине, содан кейін де Навальный жаман.

Дос Көшім бүкілхалықтық көтеріліс міндетті түрде жеңіске жететінін айтады.

- Локальды көтерілістер болып тұрады, бірақ одан үлкен нәтиже күтіп керегі жоқ. Бірақ Ресейдегі жағдай бүкілхалықтық сипатқа ұласып барады. Қазір көшеге "Навальныйды босат" деп шығып жатыр халық. Бұл - жағылған шырпы. Ол үлкен отқа айналмас үшін, қызыл қан төгілмес үшін, билік диалогқа баруы керек деп ойлаймын. Мен адамдардың қаны төгілмегенін қалайтын адаммын, - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: