Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегілер бетперде тағудың зияны туралы видеоны көптеп бөлісіп жатыр

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 20:49 stopfake.kz
Интернетте медициналық мамандар түсірген видеолар көп, олар маска тағудың оттегі жеткіліксіздігіне және көмірқышқыл газымен улануға әкелмейтінін көрсетеді.

Әлеуметтік желіде медициналық маска таққан адамның арнайы аспаппен СО2 деңгейін өлшегені туралы видео көптеп бөлісуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kzсайтының мәліметі бойынша, онда өлшеу нәтижелері зиянды газ концентрациясының денсаулыққа қауіпті екенін көрсетеді.

Сарапшылар мұның жалған екенін айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 20:49

Қазақстандықтар талқылап жүрген тәжірибе – америкалық өрт сөндіруші әрі блогер Джефф Нефф түсірген сенсациялық роликтің көшірмесі. Түпнұсқа видеоны фактчекерлер де, дәрігерлер де бірнеше рет жоққа шығарған болатын.

Видеода көрсетілген өлшеулерді дұрыс деп санауға болмайды, өйткені олар дем шығару кезінде тікелей маска астында жасалады.


Құрылғы шығарылған ауадағы көмірқышқыл газының құрамын көрсетеді. Бұл медициналық маска таққан адамның дем шығаруы мен дем алуы бірдей болады деген сөз емес. Көмірқышқыл газдың бөлшектері маска тініне еркін өтетіндей тым кішкентай. Қорғаныс құралы сілекей мен ылғал бөлшектерімен ауа арқылы берілетін аэрозоль бөлшектерін ғана ұстайды.

Қазақстандықтарды алаңдатқан видео – америкалық блогердің ғылымға қарсы тәжірибесін қайталау әрекеті. Бұл алғаш жасалып отырған жоқ. Мұндай видеолар желіде ұдайы жарияланып отырады және әрдайым мамандар оларды жоққа шығарады. Интернетте медициналық мамандар түсірген видеолар көп, олар маска тағудың оттегі жеткіліксіздігіне және көмірқышқыл газымен улануға әкелмейтінін көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: