Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда кептеліс күшейеді: тағы бірнеше автобус жолағы жоспарланды

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 22:45 kolesa.kz
Метро желісі де кеңейеді.

Қаланы дамыту бойынша бас жоспар жобасында автобус жолағын оңтүстік бағытта — Әл-Фараби, Садықов, Асқаров бойына, солтүстік бағытта — Желтоқсан, Қабанбай батыр, Төле би және Шығыс айналма жол арқылы әуежайға дейін салу қарастырылған, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Келесі BRT жолағы Жоғарғы Пятилеткадан бастап Жароков, Розыбакиев, Солтүстік айналма жол, Төменгі Пятилетка арқылы тағы сол әуежайға дейін созылады.

Үшіншісі Қалқаманда салынып жатқан автовокзал жақта, Райымбектен басталып Талғарға дейін жалғасады. Төртінші жолақ Орталық стадион мен цирктен басталып, Бөкейханов арқылы Көкқайнар мен Боралдайға жетеді. Ал бесіншісі Абай даңғылынан "Медеуге" дейін сызылады.

Жүрдек трамвайлар Қаскелең мен Боралдай маңындағы индустриялық зонадан шығады да, Төле би, Байтұрсынов, Сәтбаев және Сейфуллин арқылы өтіп, Достық даңғылына дейін барады. Ал Торайғыров — Саин қиылысынан басталатын LRT Жароков, Төле би арқылы Бесағашқа бет алады, әрі қарай Алатау шағынауданына барады.

Үшіншісі Төле би — Жароков қиылысынан Мақатаев пен Сүйінбай арқылы өтіп, жолаушыларды Өтеген ауылына дейін жеткізеді.

Жоба авторлары Қалқаманға дейін жетуі тиіс метро желісін "Райымбек батыр" бекетінен бастап қазып, Алматы-1 теміржол вокзалы мен салынып жатқан "Северный" автовокзалы арқылы Ынтымақ ауылына дейін жеткізуді ұсынды.

Екінші желі "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен бастап Райымбек даңғылының бойымен әуежайға дейін, ал үшіншісі Хан-тенгри шағынауданынан Солтүстік айналма жол маңындағы базарлар мен шағынаудандар арқылы әуежайға дейін созылады.

Еске сала кетейік, бұл әзірше тек жоба, талқылау барысында ол өзгеріп, толығуы мүмкін. Оның үстіне құжатта BRT, LRT жолақтары мен метро желісін салу мерзімі жазылмаған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 22:45

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 22:45

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2021 22:45

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: