Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев фармацевтикадағы картельдерді сөз етті

delo.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2021 18:45 delo.ua
Серік Жұманғарин қазірдің өзінде 58 жүйелік кедергілер анықталғанын атап өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика саласындағы монополия мен картель жайын қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына қарата:

"Біз әдейі жаңа ведомства құрдық. Белсенді түрде жұмысты бастадыңыз, енді оны әрі қарай да жалғастыру керек. Процестің ашықтығын қамтамасыз ету және монополиялардың алдын алу маңызды. Фармацевтика саласындағы картельдер деп аталатындарға келетін болсақ, біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, - деді.

Серік Жұманғарин қазірдің өзінде 58 жүйелік кедергілер анықталғанын атап өтті.

"Атап айтқанда, зертханалық қызмет көрсету саласында. Осы кедергілердің барлығы министрліктермен талқыланады. Сіздің бұйрығыңыз орындалып, бетперде мен ковидке қарсы дәрі-дәрмектің бағасы төмендетілді. Нарықтық тергеу аяқталуда. Агенттік осы жылдан бастап, дәрі-дәрмектер бағасын тіркеу кезеңінде оның негізді-негізсіздігіне байланысты экономикалық талдау жүргізеді", - деді төраға.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: